|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Малыбай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Малыбайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
27
Сәуір
2023
|
- Қаралды: 176

Аудандық “Туған жер-2023” этнофестивалінде мектебіміздің оқушылары жалпыкомандалық есепте ІІІ орынға ие болды.
“Таныстыру” номинациясы бойынша І орын, Ұлттық ән” номинациясы бойынша Күлікбай Аружан ІІІ орын, “Ұлттық би” номинациясы бойынша ІІ орын.
|
15
Наурыз
2023
|
- Қаралды: 185

Құрметті ата-аналар!
Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін қолжетімді болады.
Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін көрсетілген мерзім өткенге дейін «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымына (мектепке) құжаттарды тапсыру қажет.
Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар):
1. өтініш;
2. жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3. денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 065/у нысан және № 026/у-3 нысан);
4. баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi;
|
1
Наурыз
2023
|
- Қаралды: 192
"Алғыс айту" күніне орай тәрбие сағаттары өткізілді
|
19
Мамыр
2023
|
- Қаралды: 167

2023 жылғы 18 мамырда облыстың білім беру басқармасы полиция департаментімен және төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп терроризмге қарсы қорғауға бағытталған оқу-жаттығулар ұйымдастырады. Оларға облыстың барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептердің оқушылары, педагогтар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады.
Оқу-жаттығу аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:
- бекітілген алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттер) сәйкес мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарының қызметкерлеріне нұсқама беру;
- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау беру;
- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру;
- техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда олардың жедел әрекет етуін тексеру.






