|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Малыбай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Малыбайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
июня
2026
|
- Просмотров: 48

Бүгін оқушылар табиғатты қорғауға бағытталған қызықты жоба әзірледі! 💚
Мақсатымыз – мектеп ауласын көркейтіп, жасыл аймақ құру. Оқушылар аумақтың сызбасын зерттеп, көгалдандыру жоспарын жасады.
Бұл жұмыс балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, туған жерге деген қамқорлық пен жауапкершілікті арттырады.
✨ Әр идея ерекше,
✨ Әр жоба шығармашылыққа толы,
✨ Әр сызба – әсем әрі жайлы ортаға жасалған қадам.
Жасыл болашақ өз қолымызда! 💚🌱
#ЭкоБастама #ЖасылАймақ #ProjectBureau #БолашақАгенттігі #МектепЛагері ЖасылБолашақ @erkenov_ruk_roo22 @bilim_aqquly @mahabbat_abulova @aigerim_erkenovna
- Просмотров: 46

Малыбай ЖОББМ-де оқушыларға арналған шатырлы лагерь құрылды.
Лагерьдің ашылуы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты демалыстың басталуына айналды. 🌿
|
15
февраля
2024
|
- Просмотров: 411

“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” жұмыс жоспарына сәйкес “Ақпараттан ақ-қараны ажырата білу өнері” тақырыбында ата-аналарға дәріс-сабақ ұйымдастырылды. Өткізген: Мукатаева Ж.Т.
|
2
июня
2026
|
- Просмотров: 43
https://www.instagram.com/p/DZFQytLIYH7/
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінде оқушылармен "Менің есімім", "Аралдағы аман қалу" ойыны ойналды.
* Мақсаты: Топта жұмыс істеуді үйрену, өзара көмек сүйспеншілігін ояту, кеңістікті сезіну. Өз есімінің ерекшелігін айту.
- Просмотров: 37
https://www.instagram.com/p/DZFMVS4IpGV/
Малыбай ЖОББМ-інде мектеп жанындағы “Балдәурен” лагері өз жұмысын қызықты әрі көңілді өткізуде!
Бүгін оқушылар күнді таңғы жаттығудан бастап, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Таңғы ас ішкеннен кейін қауіпсіздік ережелерімен танысып, өз білімдерін толықтырды. Балалар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, түрлі тақырыпта суреттер салды.
Сонымен қатар ауылдық кітапханаға саяхат жасап, кітап әлемімен танысты. Күн барысында қызықты ойындар ойнап, достарымен уақыттарын көңілді өткізді.
Лагерьдегі әр күн – жаңа әсерлер мен жарқын естеліктерге толы!
|
5
сентября
2024
|
- Просмотров: 277
ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды

– Құрметті азаматтар! Соңғы кезде білім беру мекемелерінде орнатылған жарылғыш заттар туралы жалған хабарламалар жиілеп кетті. Барлық осындай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, мұндай қылмыс жасаған адамдар арасында кәмелетке толмағандар жиі кездесуде. Жыл басынан бері 168 қылмыстық іс қозғалып, 31 адам ұсталды, оның ішінде 12-сі кәмелетке толмаған бала. 13 адам сотталды, оның ішінде екеуі жасөспірім. Алты ата-анаға айыппұл салынды. Әрбір жалған хабарлама тұрғындар арасында үрей тудырып, мекемелердің жұмысына кедергі келтіреді. Олар материалдық шығын әкеліп қана қоймай, шұғыл қызметтердің уақытын алады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Егер кәмелетке толмағанның жасы 14 жастан аспаса, онда бұл жағдайда оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Бұдан бөлек, сот шешімімен ата-аналар шұғыл қызметтердің шақыртуға шығып, нысандарды тексеруге кеткен шығынын өтеуге міндеттеледі. Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың мінез-құлқына ерекше назар аударуға шақырады. Жасөспірімдерге осындай әрекеттердің соңы неге әкелетінін түсіндіріңіздер. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін қатаң жаза қарастырылатынын еске сақтаңыздар. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлесіп қана, біз балаларымыз үшін қауіпсіз орта құра аламыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.







